Атырау, 24 қараша 05:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы облысында ит қауып алған 26 жастағы фермер құтырмадан көз жұмды

2 205 просмотра
Фото ©AFPФото ©AFPТАЛДЫҚОРҒАН. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - 1 қыркүйек күні Қаскелең қаласының инфекциялық ауруханасында 26 жастағы Балқаш ауданының фермері құтырма ауруынан мерт болды.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау облыстық департаментінен хабарлағандай, ер адамды өзінің иті қауып алған. Бұл жағдайдан кейін ит өлсе де, иесі болған жағдайға мән бермеген.

Ер адамның денсаулығы 20 күннен кейін сыр бере бастаған. Сол жақ жіліншігі мен жүрек тұсы ауырған ол Іле ауданының аудандық орталық ауруханаға көмек сұрап барған. Дәрігерлер кеңесінен кейін 27 тамыз күні оған құтыру диагнозы қойылған. Науқас Қаскелең қаласының инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырылып, бес күн өткен соң сол жерде жан тапсырған.

Аурудың жұғу ошағында - Балқаш ауданындағы Іле өзенінің бойында «Айнакөл» аралындағы шаруашылықта зардап шеккен адаммен байланыста болған 4 адам анықталды: зардап шегушінің әкесі, әйелі мен екі баласы. Эпидемиологиялық зерттеу кезінде олардан аурудың белгілері табылмады. Сонымен қатар, тағы екі тұлға: қаза болған адамның анасы мен ағасы бақылауға алынып, олар тиісті екпелерді қабылдап жатыр.

Дереккөз: inform.kz

3 қыркүйек 2013, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.