Атырау, 27 желтоқсан 03:43
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Мемлекет басшысы Индонезия Президентімен кездесті

1 882 просмотра

alashainasy.kz суретіalashainasy.kz суретіҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезияның Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Сіздің сапарыңыз маңызды. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына серпін береді деген сенімдеміз. Біз Азиядағы ірі мемлекеттердің бірі - Индонезиямен барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», - деді Қазақстан Президенті.

Елбасының айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға еш кедергі жоқ, керісінше барлық жағдай жасалған.

«Біздің кездесу елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына және Индонезияның Астанада, Қазақстанның Джакартада елшілігінің ашылуының 20 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Қазақстандағы Индонезияның мәдениет күндері мен елдеріңіздегі Қазақстанның мәдениет күндері ортадағы мәдени ынтымақтастықтың маңызды бөлігі болып табылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Халқымыз екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамығанын қалайды. Өткен жылы Сіз Индонезияға іс-сапармен келдіңіз, биыл мен Қазақстанға арнайы келдім. Бұл екі елдің байланысын дамыта түседі деген ойдамын. Біз инвестиция, энергетика, білім беру, мәдениет салаларындағы серіктестікті дамыту мәселелерін талқыладық. Қазақстан мен Индонезияның экономикасы жақсы дамып келеді. Елдеріміздің ынтымағы нығая түскенін қалаймын», - деді өз кезегінде Индонезия Президенті.

Дереккөз: bnews.kz

2 қыркүйек 2013, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.