АСТАНА, 2 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде «Прайм-Плаза» ойын сауық орталығына келтірілген шығын 30 миллион теңгеге бағалануда, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына маркетинг бөлімнің басшысы Юлия Мачулан.
«Келтірілген шығын 30 миллион теңгеге бағалануда. Шығын сақтандыру компаниясында қойылды», - деп мәлім етті Мачулан.
Алматы қаласында Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығыныңда ұйымдастырылған әнші Қайрат Нұртастың концерті жаппай тәртіпсіздікке ұласып, кем дегенде 13 адам зардап шегіп, 11 автокөлік зақымданды.
Ал Алматы қаласының ІІД хабарлауынша, концертке шамамен екі мыңға жуық адам жиналған. Кешкі сағат 21.08-де Орталық оперативтік басқармаға "Прайм Плаза" ОСО жанында жаппай төбелес болып жатыр деген ақпар түскен. Концертті жүргізуші Данияр Батырбаевтың айтуынша, Қайрат Нұртас әнінің жартысын орындап, сахнадан кетіп қалған. Бұл көрермендер тарапынан ашу-ыза тудырып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Төбелес шығарғандар тас пен бөтелкелер лақтыра бастаған.
Оқиға орын алған жерге тәртіп сақшылары, полицейліктер, учаскелік инспекторлар мен ішкі әскерлер жасағы жеткен. 20 минуттың ішінде қосымша: СОБР, "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлері келді. Құқық қорғау органының қызметкерлері төбелес шыққан аумақты дереу қоршауға алды. Қазір жаппай тәртіпсіздіктің белсенділері ұсталып, төбелестің ұйытқысы болғандарды анықтау мақсатында арнайы іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД.
Дереккөз: newskaz.kz