Атырау, 5 қазан 11:11
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Әлима Боранбаева күйеуінің тегіне өтіп, Назарбаева болды

6 301 просмотра

Алматыда 31 тамызда өткен Қазақстан президенті Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Боранбаеваның неке қию рәсімінде, қалыңдық күйеуінің фамилиясына өтіп, Назарбаева болды, деп мәлім етті күйеу баланың достарының арасындағы сенімді дерек көзі.   

«Рәсімге қатысушылардың ду қол шапалағымен қалыңдық (Әлима Боранбаева – ҚазТАГ) некеден соң күйеуінің фамилиясына өтетіндігі туралы шешімін жариялады, яғни, ол енді Назарбаева болады», - деді сұхбатшымз дүйсенбі күні.

Дереккөзінің айтуынша, қалыңдықта үйлену тойына арналған ұлттық киімі, басында сәукеле болыпты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы (Назарбаев – ҚазТАГ) жастарды некеге отыруымен құттықтап, жастарға бата берді», - деді сұхбатшымыз.

Дереккөзінің айтуынша, үйлену тойын Сара Алпысқызы ашып, кейін той тізгінін біраз уақыт Дариға Назарбаева алыпты. Бірақ тойдың негізгі жүргізушісі Максим Галкин болыпты.

Дереккөзінің айтуынша, үйлену тойында А’Студио тобы өнер көрсетіпті.

Тойда театр және кино әртістері Генадий Хазанов, Вахтанг Кикабидзе қатысып, танымал әнші Лев Лещенко, сықақшы Максим Галкин, әнші Лолита Милявская, украиндық әнші Елка, резидент Comedyclub Александр Ревва, тележүргізуші Нонна Гришаева, Түркиялық әнші Мустафа Сандал өнер көрсетті.

Одан басқа, арнайы залда жастар үшін американдық әнші Бейонсе Ноулз (BeyonceKnowles) және рэпер Кени Уэст (Kanye West) өнер көрсетті.

Еске салсақ, Айсұлтан Назарбаев пен Әлима Боранбаевалардың үйлену тойы 31 тамызда Алматыда RoyalTulipотелінде өтті.

23 жасар Айсұлтан Назарбаев  - британиялық корольдік әскери Сандхерст академиясының түлегі. Оның қалыңдығы, 20 жасар Әлима, қазақстандық-ресейлік бірлескен «КазРосГаз» кәсіпорынның жетекшісі Қайрат Боранбаевтың қызы. Ол Лондондағы Картолд университетінің студенті, өнер тарихын зерделеп жатыр. 

Дереккөз: taiqazan.org

2 қыркүйек 2013, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.