Атырау, 24 қараша 04:17
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Челахтың ісін алдын ала қарау уақыты өзгертілді

1 896 просмотра

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы 2013 жылдың 02 қыркүйегінде сағат 10:00-де сотталған Владислав Челахқа қатысты заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы адвокат Серік Сәрсеновтың өтінішін алдын ала қарауды жоспарлаған еді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 Дегенмен адвокаттың келмеуіне байланысты отырыс сағат 14:00-ге ауыстырылды.

Жоғары соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, қадағалау сатысы өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді қозғау үшін негіздердің бар екені немесе жоқ екені туралы мәселені шешетін болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2012 жылғы 11 желтоқсандағы үкімімен әскери қызметші В. Челах ҚР ҚК-ның 96-бабының 2-бөлігінің «а,в,д,к,н,», 172-бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің «а» тармағында, 251-бабының 1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде, 145-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта ол ерекше режимдегі түзеу колониясында өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.

Бұл қылмыстық іс апелляциялық және кассациялық тәртіптермен қаралды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларымен үкім өзгеріссіз, ал адвокаттың шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Дереккөз: bnews.kz

2 қыркүйек 2013, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.