Атырау, 19 маусым 02:41
 бұлттыВ Атырау +23
$ 518.81
€ 596.27
₽ 6.63

«Прайм-Плаза» СОО Қайрат Нұртастың концертін өткізуге рұқсат алмаған

2 061 рет қаралды

Бүгін таңертең Алматы әкімі «Прайм-Плаза» СОО-ның жанында болған оқиға бойынша қаланың күштік құрылым басшыларының қатысуымен екінші шұғыл кеңес өткізді. Бірінші кеңес кеше сағат 23:15-те оқиға орнында өткен болатын, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала басшысына прокуратура өкілдері хабарлағандай, сауда ойын-сауық орталығының басшылығы орынның бұқаралық шаралар өткізуге жарамсыздығына байланысты ресми рұқсат алмаған. Соған қарамастан, ұйымдастырушылар жарияланған концертті тоқтатпаған.

«Прайм-Плаза» СОО басшылығына қатысты ҚР ҚК 232 бабы «Міндетіне жауапсыздық таныту» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: bnews.kz

1 қыркүйек 2013, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.