Алматыда танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас жеке концертін өткізбек болған. Оның өнерін сыйлайтын қауым санының шегі болмады. Алаңға жиналған қалың қауым арасынан белгісіз біреулер бүлік шығарып, оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты.
Әлеуметтік желілерде, БАҚ беттерінде жарыса жарияланған ақпараттарға сәйкес, бүлікшілердің арасында бәз-біреулер әншіге қарай тас лақтырып, бірнешеуі әншіге тиіп те кеткен екен. Соңынан жүгенсіз кеткен жастар сахнаны қиратып, маңайда тұрған автокөліктерді аудара бастаған. Бейресми мәлімдемеге сәйкес, оқиға орнында зардап шеккендер бар.
Көтерілген жастарды тыныштандыру үшін Алматы қаласы ІІД қызметкерлері келіп жетті. Осыған қатысты пікірін білдірген Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Ермек Болтаев: «Алматыда қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтіп жатты. Концерт барысында бейтаныс азаматтар шу көтеріп, бүлік шығара бастады. Соның негізінде Алматы қаласының ІІД-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық жағдайды бақылауға алды. Бір сағаттан кейін біз ресми мәлімдеме жасаймыз», - деп мәлімдеді.
Құқық қорқаушылар осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдемесін сәл кешірек хабарлайтындарын жеткізді.
Дереккөз: bnews.kz