Атырау, 10 желтоқсан 10:12
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Алматы әкімі «Прайм-Плаза» СОСО маңындағы оқиғаға байланысты шұғыл кеңес өткізді

2 537 просмотра
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Прайм-Плаза» СОСО маңындағы оқиғаға байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды қала басшысының баспасөз қызметінен.

«Бүгін таңертең Алматы қаласының әкімі А. Есімов қалалық күш ведомстволары басшыларының қатысуымен «Прайм-Плаза» СОСО маңындағы оқиғаға байланысты екінші шұғыл кеңес өткізді. Алғашқы кеңес оқиға орнында кеше 23.15-те өткен болатын», - делінген хабарламада.

Алматы қаласы ІІД бастығының м.а. Қанат Таймерденовтің хабарлауынша, кеше ІІД-не оқиғаның 165 қатысушысы жеткізілген. Олардың басым бөлігі аты-жөндері анықталған соң үйлеріне босатылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 257-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ «Прайм- Плаза» СОСО басшылығына қатысты да ҚР ҚК 232-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әкімге прокуратура өкілдерінің баяндауынша, бұқаралық іс-шара өткізуге орынның қолайсыздығына байланысты сауда ойын сауық орталығының басшылығына ресми рұқсат берілмеген. Алайда олар жария етілген концертті өткізуден бас тартпаған.

А. Есімов құқыққорғау органдары дұрыс әрекет етті деп атап өтті. Сонымен бірге қала әкімі аталған істі тергеу тек қана заң шеңберінде жүргізілуі тиіс екеніне және оқиғаны бастаушылар мен белсенді қатысушылар ғана жазалануы керек екеніне күш құрылымдары басшыларының назарын аударды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 қыркүйек 2013, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.