Қазақстан президентінің немересі Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы ұлттық дәстүрмен өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ-қа алдағы сенбі күні той өтетін Royal Tulip алматылық қонақ үйіндегі дереккөз.
«Айсұлтан мен Әлима (Боранбаеваның – ҚазТАГ) той салтанаты қазақтың ұлттық дәстүрлерімен өтетін болады. Отбасылық салтанаттың бірінші бөлігінде «Беташар» (келіннің бетін ашу), «Неке қию» (мұсылмандық неке бойынша), «Тойбастар» (меймандарға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар үлестіру), «Бата беру» (ақсақалдың ақ батасы) секілді салттар қарастырылған. Сүйемелдеу ретінде Қазақстан музыка өнері классиктерінің шығармалары фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің орындауында өтпек», - деді әңгімелесуші сәрсенбі телефон арқылы.
Тойдың екінші бөлігі қазақстандық және шетел эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі ас форматында өтеді. Қонақ ретінде даңқы аспандаған әлемдік жұлдыздардың бірі шақырылған, оның есімі агенттікке белгілі, бірақ ұйымдастырушылардың өтініші бойынша ол жайлы той алдында айтылатын болады.
Бұрынырақ ҚазТАГ хабарлағандай, шақырылғандардың ішінде – Назарбаевтар отбасының туыстары мен жақындары, күйеу мен келіншектің дос-құрбылары. Ең басты қонақ, сөзсіз, үйлену тойы қарсаңында Алматыға келетін Нұрсұлтан Назарбаев болмақ. Ол Сара Алпысқызымен (Н. Назарбаевтың жұбайы – ҚазТАГ) отбасылық салтанатты бірге ашады.
23 жасар Айсұлтан Назарбаев – Сандхерст британ корольдік әскери академиясының түлегі. Жақында, ҚазТАГ хабарлағандай, оған аға лейтенант атағы берілді. Ол Қазақстан қорғаныс министрлігінің әскери барлау штатында жасап жүр.
Оның келіншегі, 20 жастағы Әлима, «ҚазРосГаз» қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорынның басшысы Қайрат Боранбаевтың қызы. Ол лондондық Картолд университетінің студенті, өнер тарихын зерттейді. Әлиманың атасы – атақты актер Әнуар Боранбаев, оның құрметіне Боранбаевтардың туған жері Арқалықта кинотеатрға оның есімі берілген.
Дереккөз: serke.org