Латина Сатарованың фотосы, әлеуметтік желіден алынды.
Мақатаев көшесі, Байтұрсынов көшесінен бастап Сейфуллин даңғылына дейін аумақ қалалық ІІД-нің қызметкерлері жапты. Сейфуллин даңғылымен жүретін трамвайға шейін тоқтатылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Байтұрсынов көшесінен Мақатаев көшесіне бұрылған №6 трамвайды ІІДнің қызметкерлері тоқтатты. Олар қоғамдық көліктегі жолаушыларға жағдайды түсіндіріп, басқа бағытпен жолын жалғастыруды сұрады.
«Мен осы жерде тұрғанымен бір сағат болды. Тәтіп сақшылары жағдайды түсіндіргеннен кейін барлық жолаушылар шығып кетті. Жолаушылар түсіністікпен қарады. Олардың жолақысын электронды төлемақсы жүйесі қабылдайтындықтан қайтарып бере алмадық», - дейді №6 трамвайдың вагон вожатый Жазира Сегізбаева.
Дереккөз: bnews.kz