АСТАНА. 29 там, Қазақстан жаңалықтары АА. Жамбыл облысында оқ-дәрі заряды тұтанып, салдарынан үшінші, тағы бір жұмысшы қаза болды, деп хабарлады Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз-қызметі.
«Сигаев бүгін 29 тамыз азанғы сағат 10.55 есін жимай көз жұмды», - деді агеттікпен әңгімелесуші.
Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, «зардап шегуші Мамутов пен Байтеміров Қордай аудандық ауруханаға жатқызылды. Мұздыбаев жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. Бердалиевтің жағдайы қанағаттандырарлық.
2013 жылғы 27 тамызда 17 сағат 10 минут шамасында (Астана уақытымен) Жамбыл облысының Қордай ауданынын «Отар» станциясында орналасқан «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының аумағында 122 мм оқсыз қару-жарақты жою жұмыстарын жүргізу барысында механикалық модульде оқ-дәрі жанған. Осы оқиға бойынша Гвардия гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 246-бабы 2-бөлімімен қарастырылған «Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу» қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: newskaz.kz