Атырау, 29 наурыз 18:33
 ашықВ Атырау +13
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Ерлан Қарин «Нұр Отан» ХДП хатшысы қызметінен босатылды

2 790 просмотра

Шетелдік іс-тәжірибеден өтуіне байланысты Ерлан Қарин «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарланған партия сайтында.

2013 жылғы 28 тамызда «Нұр Отан» партиясының хатшысы міндетін атқарушы боп Болат Берсебаев тағайындалды. 

Болат Берсебаев Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі (1999), ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Германияның Ф. Шиллер атындағы университетінде білім алған, саясаттану магистрі.

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында, ҚР Президентінің баспасөз-хатшысының орынбасары, «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. «Нұр Отан» партиясының Хатшысы міндетін атқарушы болып тағайындалуына дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары кеңесшісі болды.

Сонымен қатар, Астана қаласында 2013 жылғы 18 қазанда Қазақстанның барлық өңірлерінен 1200-ден астам делегат қатысатын «Нұр Отан» партиясының XV съезді өтеді.

Дереккөз: bnews.kz

29 тамыз 2013, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.