Атырау, 20 наурыз 19:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққан балалардың 70%-дан астамы сауығып жатыр

407 рет қаралды

Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда жыл сайын 800-ден астам балаға онкологиялық және гематологиялық аурулар диагнозы қойылады. Оның ішінде шамамен 600 балада қатерлі ісік (соның ішінде гемобластоз), ал қалған 200-ге жуық балада ауыр гематологиялық (қатерсіз) патология анықталады.

Соңғы он жылда бұл аурулардың таралу деңгейі тұрақты қалыпта сақталып келеді — 100 мың баланың әрбіріне шаққанда 9,7 жағдайдан келеді.

Қатерлі ісіктердің таралу құрылымы халықаралық көрсеткіштермен ұқсас:

  • Жедел лейкоз – 30%-дан астам;

  • Орталық жүйке жүйесінің ісіктері – шамамен 17%;

  • Лимфома мен нефробластома – 10-11%;

  • Нейробластома – шамамен 7%.

Иммунотерапия мен таргеттік терапия сияқты заманауи емдеу әдістерін енгізудің нәтижесінде Қазақстанда балалар арасындағы қатерлі ісіктерден аман қалу деңгейі 70%-дан асты.

Соңғы бес жылда нейробластома, лимфома және лейкоз диагнозы қойылған 40-тан астам бала моноклоналды антиденелерге негізделген инновациялық дәрілік препараттармен ем қабылдады.

11 маусым 2025, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.