Атырау, 26 желтоқсан 18:39
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстан экономикасына 150 млрд доллар инвестиция қажет

1 898 просмотра

Ел экономикасының өсімі шамамен 5-7 пайыз шамасында болса, 2020 жылға дейін Қазақстан экономикасына қажет инвестиция көлемі 150 миллиард долларға жуықтайды. Бұл жөнінде бүгін «ҚР индустрияландыру бағдарламасын қаржыландыру үлгісін жетілдіру» басқару комитетінің бірінші отырысы аясында журналистерге берген сұхбатында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Елбасы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын әзірлеуді тапсырған болатын. Осы ретте біз қазір бағдарламаны қаржыландырудың жаңа үлгісін жасау бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін алғашқы нәтижелерді талқылау үшін жеке сектор өкілдерін шақырдық», - деді Бишімбаев.

Сарапшылардың болжамы бойынша, экономика өсімі шамамен 5-7 пайыз шамасында болса, 2020 жылға дейін Қазақстан экономикасына қажет инвестиция көлемі 150 миллиард долларға жуықтайды деп атап өтті ол.

«Бұл инвестиция қайдан, қандай түрде келеді? Бұл кредиттік капитал бола ма? Осы мәселелерді бүгін талқыладық. Мұнымен қатар, осы жұмыстың аясында қаржылық даму институттарын біріктіретін ұйым ретінде «Бәйтерек» холдингісінің рөлі үлкен. Яғни, оның бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін қосымша қаражатты тарту бойынша әзірлеген стратегиясының маңызы зор болмақ», - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Дереккөз: bnews.kz

28 тамыз 2013, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.