Атырау, 8 желтоқсан 04:12
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды

324 рет қаралды

Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды. Зауытты Juldyz Kenan Co., Ltd компаниясы іске қосты. Бұл кәсіпорын катетерлер, зондтар, патологиялық материалдарға арналған контейнерлер және басқа да медициналық бұйымдарды шығарады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаның инвестиция көлемі 2,1 млрд теңгені құрады. 100-ге жуық жұмыс орны ашылып, жылына 10 миллион дана өнім өндіру жоспарланып отыр. Зауыт ISO 13485 халықаралық сапа стандарты бойынша сертификатталған.

Компания 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазір 169 түрлі медициналық өнім шығарады. Өнімдер Қазақстандағы 2 670-тен астам медициналық мекемеге жеткізіледі, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Иран және Ауғанстанға экспортталады.

Инновациялық бағытта да жұмыс істеп жатқан кәсіпорын инесіз жүйелерді шығаруды қолға алған. Жылына 3-4 млн данаға дейін өнім өндіру жоспарда бар.

11 маусым, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.