Атырау, 8 желтоқсан 04:12
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астанада нарко-граффити белсенді түрде боялып жатыр

352 рет қаралды
Фото: freepik.com

Елордада нашақорлықты насихаттауға қарсы бағытталған нақты жұмыстар жалғасуда.

«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы және «Жас үміт» жобасы аясында тек соңғы аптада 400-ден астам тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазулар анықталып, боялды.

Есірткі граффитилері — бұл есірткі айналымына қатысы бар интернет-ресурстардың мекенжайларын таратудың бір тәсілі. Мұндай жазбалар көбінесе тұрғын үйлердің қабырғаларында, қоршауларда, трансформаторлық жәшіктерде және басқа да қоғамдық орындарда кездеседі.

Аталған жұмыс полиция, аудан әкімдіктері, сондай-ақ «Астана Жастары» еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізілуде.

Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мақсұт Нәрікбаев Университетінің студенттері де белсенді қатысуда.

«Нашақорлықты насихаттауға қарсы күрес – бұл ортақ міндет. Бірлескен күшпен қаланы тазартып, тұрғындарды қауіпті әсерден қорғап жатырмыз. «Жас үміт» жобасы бәрімізге қажет, проблемаға қарсы бірігуге көмектесетін бастама», - деп ЕҰУ студенттерінің біріатап өтті.

Астана қаласының прокуратурасы - есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені жөнінде ескертеді.

11 маусым, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.