Атырау, 8 желтоқсан 04:12
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстандық полициямен іздестіріліп жүрген шетелдік азамат Черногорияда ұсталды

241 рет қаралды

Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған. 

Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген. Келтірілген жалпы шығын бес миллиард теңгеден асады.

11 маусым, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.