Атырау, 24 қараша 02:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы облыстық Салық департаментінің бөлім басшысы пара алып жатқан жерінде қолға түсті

1 824 просмотра

АСТАНА, 28 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Салықтан жалтару үшін параны қаппен беруге тура келді. Алматы облыстық Салық департаментінің бөлім басшысы ауызбастырықты сөмкелеп алып жатқан жерінде қолға түсті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Құлқыны кең шенді кінәсін сол жерде-ақ мойындағанымен, сыбайластарының атын жасырып әлек.

Қаржы полициясының қызметкерлерін көрген салықшы бастапқыда ізін суытпақ болған. Бірақ кейін ойынан айнып, өз еркімен берілді. Анықталғандай құрыққа ілінген басшы бухгалтерлік құжаттарды саудалап, жалған кәсіпорындармен келіссөздер жүргізуге көмектесіпті. Ал өз қызметін жалпы сомманың 8 пайызына бағалаған. Парақорлық қолындағы сөмкеден 50 миллион теңге табылды.

Дереккөз: newskaz.kz

28 тамыз 2013, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.