Атырау, 24 қараша 02:17
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлкі, жер мен көліктердің кейбір түрлеріне салықты арттыру көзделуде

3 199 просмотра

Астана, 28 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі, деп мәлім етті үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

«Салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген. Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады»,  - деп атап көрсетті министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды.

Дереккөз: newskaz.kz

28 тамыз 2013, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.