Атырау, 27 желтоқсан 04:02
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жамбыл облысында оқ-дәріні бөлшектеу цехында орын алған жарылыс екі адамның өмірін қиды

2 242 просмотра

Жамбыл облысы ТЖД нақтылаған мәлімет бойынша, Отар стансасындағы жарылыстан зардап шеккен 8 адамның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі. 

«Еске сала кетсек, 27 тамызда сағат 17:20-да Жамбыл облысы Қордай ауданының «Отар» стансасында орналасқан «Казахвзрывпром» АҚ аумағында 122 мм оқсыз қару-жарақты жою жұмыстарын жүргізу барысында механикалық модульде жарылыс болды», – делінген хабарламада. 

Жарылыс салдарынан зардап шеккен 8 адамның екеуі – 1988 ж.т. ер адам мен 1977 ж.т. әйел адам көз жұмды. Тағы бір адам ауыр халде ауруханада жатыр. 5 адамның жағдайы орташа. Отар ст. ауылдық ауруханаға жеткізілген 1993 ж.т. азаматша өзін жақсы сезінгендіктен ауруханадан шығарылды.

21742 ә/б екі өрт сөндірушілер тобы және «Казахвзрывпром» АҚ-ның бір өрт сөндірушілер тобымен өрт сөндірілді.

Әскери прокуратура сарапшылар «жарылыс техниктері ьмен өрт сөндірушілер) келгенге дейін нысанға күзет қойды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Дереккөз: bnews.kz

28 тамыз 2013, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.