Атырау, 24 қараша 03:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЭКСПО- 2017 көрмесіне 150 млрд теңге бөлінеді

2 132 просмотра

ЭКСПО- 2017 көрмесіне дайындық шаралары мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 2014 жылы Ұлттық қордан 150 млрд теңге бөлу қарастырылуда. Бұл жөнінде бүгін Экономикалық саясат жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі экономикалық саясат жөніндегі кеңес қарауына бірнеше маңызды құжаттың жобасын ұсынды.

«Бюджеттік блоктың заң жобаларымен бірге «2014 жылға арналған ҚР Ұлттық қордан мақсатты трансферт туралы» Президент Жарлығының жобасын ұсынып отырмыз. Жарлық жобасына сай, 2014 жылы ЭКСПО- 2017 көрмесіне дайындық шаралары мен ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық қордан 150 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деді Ерболат Досаев.

Дереккөз: bnews.kz

28 тамыз 2013, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.