Атырау, 24 қараша 02:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жоғарғы сот Челах ісін алдын ала қарастырудың күнін белгіледі

1 703 просмотра

2013 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы сотталған Владислав Челахқа қатысты заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарастыру туралы адвокат Серік Сәрсеновтың өтінішін алдын ала қарастыруға кіріседі, деп хабарланған сот сайтында. 

Бұған дейін хабарланғандай, әскери қызметші В.Челах мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен 2012 жылдың 11 желтоқсанында Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-баптың 2-бөлігіндегі «а, в, д, к» тармақтарында, 172-баптың 1-бө¬лі¬гінде, 175-баптың 2-бөлігіндегі «б, в» тармақтарында, 255-баптың 3-бөлігіндегі «а» тармағында, 251-баптың 1-бөлігінде, 387-баптың 2-бөлігінде, 373-баптың 1-бөлігінде және 145-баптың 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандығы үшін айыпты деп танылды. Қазіргі уақытта ол өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны ерекше режимдегі түзету колониясында өтеп жатыр. 

Аталған қылмыстық іс апеляциялық және кассациялық тәртіпте қарастырылды.

Қазақстан Республикасы Әскери Соты кассациялық сот алқасы және қылмыстық істер жөніндегі апеляциялық сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, адвокаттардың шағымы қанағаттандырылған жоқ.

Дереккөз: bnews.kz

28 тамыз 2013, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.