Гвардия гарнизонының әскери прокуратурасымен оқ-дәрілерді жоюға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарланған ҚР Бас әскери прокуратурасының ресми сайтында.
«2013 жылғы 27 тамызда 17 сағат 10 минут шамасында (Астана уақытымен) Жамбыл облысының Қордай ауданынын «Отар» станциясында орналасқан «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының аумағында 122 мм оқсыз қару-жарақты жою жұмыстарын жүргізу барысында механикалық модульде жарылыс болды», - деп көрсетілген хабарламада.
Нәтижесінде Сигаев Г.С., Есембаева Ж.Б., Алдабергенов А.Б., Мамутов А.А., Байтеміров Б.К., Бердалиев А.С. және Мұздыбаев К.Ж. әртүрлі ауырлықтағы термиялық күю жарақаттарын алып, 63302 әскери бөлімінің жеке медициналық отрядына жеткізілді.
Осы оқиға бойынша Гвардия гарнизонының әскери прокуратурасымен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 246-бабы 2 бөлімімен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу).
Қазіргі уақытта модель Гвардия гарнизонының әскери полициясы күшімен қоршауға алынып, оқиға болған жерді қарау және басқа да дереу тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: bnews.kz