© AFP АСТАНА, 26 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан халықаралық қауымдастықты Сириядағы жағдайға қатысты сабыр сақтауға шақырды.
«Қазақстан, жаппай қырып-жою қаруын қысқарту мен таратпау ісіне мардымды үлес қосқан мемлекет ретінде, Сирияда химиялық қару қолданды деген күдікті хабарламаға байланысты өзінің терең алаңдаушылығын білдіреді. Осы ақпарат расталған жағдайда, бұл адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде қаралуы тиіс», - делінген сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде.
Біз Сирия Үкіметін сол елде химиялық қаруды қолданғаны туралы хабарламаны тексеру үшін жұмыс жасап жатқан БҰҰ сарапшылар тобына толығымен қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз. Кінәлі тұлғаларды анықтап, осындай жағдай болашақта қайталанбау мақсатында және адам қазасына жол бермеу үшін барынша шара қабылдау қажет деп санаймыз.
Қазақстан халықаралық қауымдастықты төзімділікке, ал бұл жағдайды бағалау барысында БҰҰ сарапшыларының соңғы қорытындысын басшылыққа алуға шақырады.
Жалпы, Сириядағы созылмалы және қантөгіс қақтығыстың шектен тыс шығып бара жатқанын және тез арада шешуін талап ететінін атап өтеміз. Орын алған жағдай халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруге және Сириядағы зорлықты тоқтату мақсатында үйлестірілген ортақ ұстанымға шақырады.
Дереккөз: newskaz.kz