Атырау, 12 қараша 07:50
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Назарбаев Қостанай облысның аграрийлерімен өңірдің ауыл шарушылығын дамыту мәселелерін талқылады

3 130 просмотра

© Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты© Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтыАСТАНА, 26 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында аймақтың ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерімен болған жиында Қостанайға жыл сайын арнайы келетіндігін атап өтті .

«Қостанай облысы жалпы қазақстандық астықтың 30 пайызын өндіреді. Бұл жерде өндірістің мықты базасы бар, көлік өндірісі, ірі шикізат кәсіпорындары. Тұтастай алғанда, бұл жердегі жағдайды көңіл толтырарлық деп айтуға болады», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы биылғы жылы елімізде астық өндірісі 16 млн. тонна деңгейінде күтілетіндігін және астық жинау науқаны басты назарда болу керектігін атап айтты.

«Мемлекет бұл үшін елеулі қолдау көрсетуде. Болшақты айтар болсақ, алдағы уақыттарда әлемде азық-түлікке деген сұраныс 50 пайызға дейін артпақ, 2030 жылға қарай жер шарындағы адамзат саны 1 миллиардқа көбейеді. Бізге өңдеу кәсіпорындары ұйымдарын ұйымдастыруды күшейту қажет. Біздің жерімізде не өсірілетін болса, соның барлығы да осы жерде өңделу қажет», - деп есептейді Президент.

«Бұл тек астыққа ғана қатысты емес, сонымен қатар мұнай мен кен өндірісіне де қатысты. Өнім өңдеу жолға қойылса, экономикалық көрсеткіштер де жоғарылайды. Қазіргі кезде ауылды жерлерге мемлекеттік қолдау көрсете отырып, біз аграрлық кешенді нарықта бәсекеге қабілетті болуға дайындаудамыз», - деді Елбасы.

Дереккөз: newskaz.kz

27 тамыз 2013, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.