Атырау, 24 қараша 03:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балаға жәбір көрсеткен азаматша 4 жылға бас бостандығынан айырылды

1 751 просмотра

Иммун тапшылығына шалдыққан баланы адам төзгісіз жағдайда ұстаған безбүйрек әйел 4 жыл бас бостандығынан айырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Жалпы, айға созылған сот отырысы жабық жағдайда өтті. Бастапқыда 50 жастағы әйелге қылмыстық кодекстің 3 бабымен, «Қорлау», «жеткіншектің заңсыз бостандығын шектеу» және «ата-аналық міндеттерін орындамау» бойынша, айып тағылған болатын. Осыдан 3 жыл бұрын асырап алған өгей қызына ауыр дене жарақаттарын салған әйел сот үдерісі кезінде өзіне тағылған қылмысын мойындамаған. Сот төрағасының айтуынша, 2 бапты мемлекеттік айыптаушылар қолдамағандықтан, қысқартылған. Сондықтан, безбүйрек әйел 1 ғана баппен жазасын өтемек. Ал қос жеткіншек балалар үйіне жіберіледі. 

Серік ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, ОҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Кәмелетке толмағандарды азаптап, ұрып, күш қолданып, физиологиялық және психикалық зардаптар тигізген. Осы мәселелердің бәрі тергеу барысында дәлелденіп, сол бойынша сотта жаза тағайындалды.

Айта кетейік, маусым айының басында жеткіншек ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғаушыларға 8 жастағы қыз бала өгей анасы осы уақытқа дейін азаптап келгендігін айтқан. Тіпті, оны сағаттап хлор қосылған салқын суға отырғызған. Әйел Шымкентте тағы 1 баланы асырап алғаны белгілі болды. Жетімге қамқорлық танытты деп мемлекет ай сайын оған 130 мың теңге жәрдемақы да төлеп келген.

Дереккөз: 24.kz

27 тамыз 2013, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.