Атырау, 26 сәуір 16:18
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Гүлжан Ерғалиева шетелге шағымданады

2 210 просмотра

Adam reader’s журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева шетелдік жұртшылықты басылымға араша түсіп, оны шығаруға кедергі келтіру әрекеттерінен қорғауға шақырмақшы.

«guljan.orgсайты мен Adam reader’sжурналына қудалау 2012 жылы 5 желтоқсанда басталды. Қазақстандық бір де баспахана журналды басқысы келмейді. Біз қолдан келгеннің бәрін жасап, барлық сатыға жүгініп, біздің журналға кедергілердің себептерін анықтауға тырыстық, бірақ ешкімнен ешқандай қолдау таппадық. Енді бізге өз жұртшылығымыз бен шетелдік қауымға ғана арқа сүйеу қалды», - деді Г. Ерғалиева сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.  

Бұл ретте ол тек шетелдік жұртшылық қана емес, шетелдік БАҚ-тар да қолдау көрсетер деген сенім білдірді.

«Маған екі елшіліктен қоңырау шалды, кеше Нью-Йорктан «Шпигель» журналынан қоңырау шалды. Оларда біздің басылым төңірегіндегі жағдайға деген қызығушылық бар, енді мен шетелдік БАҚ-тардан да бізге қолдау болар деген сенімдемін. Ал халықаралық ұйымдарға келсек, олар ұзын-сонар беделді тізім», - деді Г. Ерғалиева.

Бұл ретте ол отандастырдың қолдауына да арқа сүйейтінін айтты.

«Ең алдымен мен өзімнің отандастарымның қолдауына сенемін. Біз осымен тоқтап қалмаймыз, біз ешкімнің алдында айыпты емеспіз, біздің өнімге сұраным бар, оны халық күтеді», - деді Г. Ерғалиева.

Бұрындары хабарланғандай, 4 желтоқсанда Алматының Бостандық аудандық соты guljan.org сайтының жұмысын 3 айға тоқтату және прокуратура шағымын қанағаттандыру жөнінде анықтама шығарды.

Сот шешімімен Қазақстан Республикасының территориясында  guljan.org интернет-ресурсы бұқаралық ақпарат құралының жұмысы, сондай-ақ оған кіру 3 айға тоқтатылды.

Сотта түсіндіргендей, 2012 жылы қаңтарда бас редактор Гүлжан Ерғалиева рұсат етілмеген митингіге халыққы үгіттегені үшін сайт жұмысы тоқтатылыпты.

20 желтоқсанда ҚР ақпарат және мәдениет министрлігі ADAM reader’s журналының лицензиясын кері шақыртып алған, бірақ кейін журнал қайтадан тіркелді.

Дереккөз: taiqazan.org

27 тамыз 2013, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.