Атырау, 24 қараша 02:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

БТА Банкі жартыжылдық қаржы көрсеткіштерін жариялады

2 516 просмотра

Есептік кезең үшін алынған Топтың таза кірісі 15,6 млрд теңгені (103 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл 2012 жылғы бірінші жартыжылдықта алынған 9,8 млрд теңге мөлшеріндегі шығыстармен салыстырғанда 17 млрд теңгені (112 млн АҚШ доллары) құраған таза жағымды пайыздық маржаның арқасында болды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі БТА Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

17 млрд теңге мөлшеріндегі таза пайыздық кіріс 2012 жылғы қайта құрылымдау нәтижелері, соның ішіне «Самұрық-Қазына» АҚ депозиті бойынша ставканың төмендетілуі есебінен және 2012 жылғы қайта құрылымдау аясында Банктің капиталына «Самұрық-Қазына» депозитінің бөлігін айырбастау есебінен қол жеткізілген. Бұдан басқа 2012 жылғы қайта құрылымдау нәтижелері бойынша купонның ставкасы 4% бастап 6% дейін өсуіне байланысты былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салытырғанда Самұрық-Қазына облигациялары бойынша кірістер 3,5 млрд теңгеге өсті, делінген ақпаратта. 

«2013 жылғы бірінші жартыжылдық бойы Банк менеджменті 2012 жылы тиімді әрекет етуші қаржы институтын құру мақсатын алға тартып, Банктің басқару жүйесін реформалады, оның қызметін үйлестірді», - деп мәлімдеді БТА Банкінің баспасөз қызметінен.

Топтың активтері ағымдағы жылдың бірінші 6 айдың ішінде 10,6 млрд теңгеге артып, 2013 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 1 621 млрд теңгені (10,7 млрд. АҚШ доллары) құрады. Топтың міндеттемелері 0,6% төмендетілді және 1 334 млрд теңгені (8,8 млрд АҚШ доллары) құрады. Міндеттемелер көбінесе кредиттік мекемелердің алдындағы міндеттемелердің қысқаруына байланысты төмендетілді. Кредиттік мекемелердің қаражаты 15,6% төмендетілді және 54,7 млрд теңгені (0,4 млрд АҚШ доллары) құрады. Төмендетілуі белгіленген кестеге сәйкес сауда қаржыландыру (RCTFF) бойынша жаңартылатын кепілдендірілген кредиттік желі бойынша Банктің міндеттемелерінің өтелуіне байланысты.

Топтың өзіндік капиталы 7% артып, 2013 жылғы 6 ай үшін алған таза кіріс есебінен 287,4 млрд теңгені (1,9 млрд АҚШ доллары) құрады. 2004 жылғы Базель келісімнің ұсыныстарына сәйкес есептелген бірінші деңгейлі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті 24,1% құрады. Пайыздық емес кірістер комиссиялық және алымдар және сақтандыру қызметінен түскен таза кіріс түрінде таза кірістерінің өсуі есебінен 4% өсті. Комиссиялық және алымдар түріндегі таза кірістер бірінші кезектілікте 2012 жылғы қайта құрылымдау нәтижелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ облигациялары бойынша комиссиялар және кепілдіктер бойынша ставкасы төмендеуіне байланысты 2012 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 млрд теңгеге өсті.

«Бұдан басқа Банк операциялық шығыстарды қысқарту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Осылайша, 2012 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда, қызметкер шығыстары 9% төмендетілді, ал басқа операциялық шығыстар - 4,3 млрд теңгеге (36%) қысқартылды», - делінген ақпаратта.

Дереккөз: bnews.kz

27 тамыз 2013, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.