Атырау, 9 қараша 18:56
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Елімізде мемлекеттік бағдарлама аясында шағын көліктерді алуға ынталандыратын болады

1 676 просмотра

 © Максим МАСЛОВ © Максим МАСЛОВ АСТАНА, 26 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Халықты шағын көліктерді алуға ынталандыратын шаралар көп. Қазір оның тұтас бір кешені әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.

«Қазір көпшілік шағын көліктерді таңдауда. Мәселен, шетелде жанар-жағар майды көп жейтін машиналар өте аз. Әсіресе, Еуропада. Ондай автомобильдер автотұраққа да ыңғайлы. Экология да сақталады. Ал халықты ынталандыру мәселесіне келер болсақ, ол үшін мемлекетте тариф-акциз сияқты қалыпты нормалар бар. Шағын машиналар үшін салықтың мөлшері төмен болса, үлкен көліктерге салықтың «салмағы» артады. Бұл халықты ынталандырудың тек бір шарасы ғана. Бүгінде оның тұтас бір кешені әзірленіп жатыр», - дейді Н. Сауранбаев.

Айта кетейік, Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында «Энергия үнемдеу - 2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Онда халықты шағын автомобильдерді алуға ынталандыру энергияны үнемдеудің бір шарасы ретінде қарастырылады.

Дереккөз: newskaz.kz

27 тамыз 2013, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.