Атырау, 20 наурыз 14:05
 ашықВ Атырау +9
$ 460.79
€ 490.51
₽ 6.02

Қазақстанда 5 ЖОО-да энергия үнемдеу бойынша мамандықтар ашылды

3 839 просмотра

Қазақстанда 5 жоғары оқу орнында энергия үнемдеу бойынша мамандықтар ашылды. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Кадрларды әзірлеу үшін энергия үнемдеу бойынша мамандықтар 5 жоғары оқу орнында ашылды. Энергия үнемдеу саласының мамандарын даярлап, біліктілігін арттыру үшін 11 оқыту орталығы құрылды. 1000-нан астам маман әзірленді», - деді отырыста Нұрлан Сауранбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Үкімет «Энергия үнемдеу-2020» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 1 трлн 182 млрд теңге жұмсалмақ.

Дереккөз: bnews.kz

27 тамыз 2013, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.