Ақтаудағы түрмеге сотталғандар арасында бүлік шығып кетпеуі үшін ішкі істер қызметінің әскерлері кіргізілді.
Сотталғандардың туыстары түнгі сағат 2-і шамасында түрменің алдында жиналды. Оған себеп болған жағдайларға түрмеден түскен көптеген телефон қоңырауы болыпты.
Туыстарының айтуынша, түрмедегілер оларға Жаңаөзеннен екі КамАЗ ішкі әскер жауынгерлері жіберілгенін, түрмеде сотталғандарда тыйым салынған заттарды тексеру мақсатында жоспарлы тінту жұмыстары жүргізілейін деп жатқаныдығын хабарлаған.
Мұндай тінтіту түрмеде үнемі жүргізіліп отырады және оларға сотталғандар әр кез қарсылық танытады. Бұл ретте, түрме басшылығы бұған түсініктеме беруден бас тартты. Сотталғандардың туыстарын колонияда барлығы тыныш деп сендірді.
Дереккөз: aikyn.kz