«Охотзоопром» ЖШС мамандары Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Оймауыт ауылының жанында жүргізген рейд шарасы кезінде 5 көлік ұсталды. Бұл жөнінде BNewsz.kz тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көлікте 30 бен 42 жастағы Сирияның екі азаматы мен уақытша Шымкентте тұрып жатқан 44 пен 57 жастағы Ресейдің 3 азаматы, 18 бен 28 жастағы Қазақстанның 3 азаматы болған. Олар «Қызыл кітапқа» енгізілген құстарға заңсыз аңшылық жасаған.
«Көлікті тексеру кезінде 2 балобан құсы, 4 ұялы телефон, 2 дүрбі, бір 12-ші калибрлі аңшы мылтығы, құс аулауға арналған 48 тор табылды», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 288 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Дереккөз: bnews.kz