Атырау, 9 желтоқсан 21:17
 ашықВ Атырау -9
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Қазақстан мен Малайзия өзара студент алмасуды қарастыруда

1 939 просмотра

news.mail.ru фотосыnews.mail.ru фотосыАстанада өтіп жатқан Жоғары білім мәселелері бойынша Қазақстан-Малайзия жұмыс тобының бірінші отырысында өзара студент алмасу мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстандық жастарға шетелде білім алуға жағдай жасалған. 1993 жылдан «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған халықаралық стипендия аясында Малайзияда 168 адам оқыды. Қазіргі уақытта 24 студент білім алып жатыр», - деді отырыста ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында қазақстандық жастар тек әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында ғана оқиды.  Қазіргі уақытта тізімде Малайзияның тек Малайя университеті бар.

«2012 жылы қол қойылған өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында студент алмасу қарастырылған. Осыны іс жүзінде жүзеге асыруға ниеттіміз. 15 адамды оқытуды ұсынамыз, оның 10-ы бакалавр және 5-уі магистр. Алдағы уақытта докторантура бағдарламасы бойынша студент алмасу мүмкіндігін қарастыруға болады. Өз кезегінде қазақстандық тарап осынша Малайзия студентін қабылдау тетігін әзірлейді», - деді министрлік өкілі.

Дереккөз: bnews.kz

26 тамыз 2013, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.