«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы соққыға жығылғаннан кейін қалалықтар футболшыны қолдау мақсатында оның тегі жазылған клубтық футболкаларды көптеп сатып алуда, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Эмиль Кенжисариевтің ойын нөмірі мен тегі жазылған майкалар «Ақтөбе» командасы бойынша ең көп сатып алынатын спорттық киім ретінде тіркеліп отыр», - делінген хабарламада.
«Ақтөбе» клубтық дүкенінің сатушы-кеңесшісінің сөзіне қарағанда, жартылай қорғаушы ауруханаға түскеннен кейін оның тегі жазылған футболкалар команданың қалған ойыншыларын басып озған. Сонымен қатар Марат Хайруллин мен Сергей Давыдовтың футболкалары жиі сатылады екен. Бір футболканың құны – 4000 мың теңге.
Дүкеннен тек жоғарыда аталған ойыншылардың тегі жазылған футболкаларды сатып алуға болады. Басқа футболшының майкасын сатып алғысы келетіндер алдын ала тапсырыс беруі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Кенжисариев белгісіз біреулердің шабуылынан кейін Алматыдағы ауруханалардың біріне түскен болатын. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен караоке бардың күзетшісі ұсталды. Қазір ойыншының жағдайы жақсарып келеді, оны жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратты.
Дереккөз: bnews.kz