Атырау, 8 қазан 20:24
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Кәсіптік-техникалық оқу орындарының білім беру деңгейі мектептен де төмен болып тұр

2 092 просмотра

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде кәсіптік-техникалық оқу орындарының білім беру деңгейі мектептен де төмен болып тұр. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл жоғары оқуға түсетін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін кешенді тестілеу екі рет ұйымдастырылды. «Оның нәтижелері мәз емес. Оған қатысқан өткен жылғы мектеп түлектерінің 60 пайызы шекті деңгейден өтсе, колледж бітірушілерінің тек 30 пайызы ғана қажетті ұпай санын жинап алды. Бұл дегеніміз, мектеппен салыстырғанда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында орта білім нашар беріледі», - дейді Б. Жұмағұлов. Осыған орай, министр бақылау комитетіне тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

Дереккөз: inform.kz

23 тамыз 2013, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.