Атырау, 26 қыркүйек 04:08
 ашықВ Атырау +23
$ 473.98
€ 504.03
₽ 4.93

ОҚО-да жол апатына түскен бензовоз өртке оранды

1 950 просмотра

22-ші тамыз сағат 13:41-де Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан-Қызылорда» автожолының 23-ші шақырымында бензовоз бен «Тойото» автомобилі соқтығысып қалған, деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан 4700 литр бензин төгіліп, 2 көлік отқа оранған. 

ОҚО ТЖД хабарлауынша, өрт сағат 13:56-да ауыздықталып, 14:17 минутта сөндірілген. Тілсіз жауды өшіруге ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 12 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрттің аумағы 70 ш.м құраған. Күйік шалған екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Дереккөз: bnews.kz

23 тамыз 2013, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.