Көрнекі сурет.18-ші тамызда Жамбыл облысының Шөлдала ауылының 21 жастағы тұрғыны «Силикатчик» саяжай алыбында ұнның қабының ішінен кішкентай бала тауып алған, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«Ол көшелердің бірінде жолдың бойында жатқан ұнның қабының қозғалып жатқанын байқап ішін ашып қарайды. Қаптың ішінде жаңа туған ұл бала болған»,-деп жазылған хабарламада. Жігіт бірден полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер баланы №1 перзентханаға апарды. 38 апталық сәбидің салмағы 2 келі 700 грамм.
Полицияның 3-ші бөлімі қызметкерлері үш күннен соң баласын көше бойына тастап кеткен ананы тапты. Жамбыл облысының тұрғыны 23 жастағы әйелдің бұдан басқа 4 жастағы баласы бар екені белгілі болды. Оның ата-анасы болған оқиғадан хабарсыз, тіпті қызының жүктілігін де білмегенін айтты.
Ал жас ана неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіре алмай отыр. Сот-медициналық сараптама жасалып, оның денсаулығы мен психикалық жай-күйі тексерілмек.
Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дереккөз: bnews.kz