Атырау, 24 қараша 03:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы облысында тұрмыстық жанжал кезінде адам өлтірген күдіктілер айыптарын мойындап, полицияға келді

1 818 просмотра

АСТАНА, 22  там – Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысы Шеңгелді кентінің тұрғынын тұрмыстық жанжал кезінде өлтірген екі ер адам айыптарын мойындап, полицияға келді деп хабарлайды Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.

Бұрынырақ хабарланғандай, а.ж. 19 тамызында Қапшағай қаласының полициясына Шеңгелді кентінің тұрғындары арасында туындаған тұрмыстық жанжал кезінде 2 адам атыс қаруынан жарақат алғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Олар шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, жараланғандардың бірі ауруханада көз жұмған. 20 тамыз күні қайтыс болған азаматты жер қойнына тапсырған соң, жерлеуге келген оның туыстары жеті үйдің терезесін сындырып, бірнеше автокөлікті зақымдап кеткен.   Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы тергеу-жедел іздестіру тобы құрылды. Полиция адам өлтірді деген күдікпен аталған кенттің екі тұрғынын іздестірді.

 «21 тамыз күні сағат 22:00 шамасында өз ауылдасын өлтірді деген күдікпен ішкі істер органдары іздеу жариялаған Угазаев В. және Агазаев А. есімді Алматы облысы Шеңгелді кентінің тұрғындары аталған іске қатысы бар екендіктерін мойындап, Қапшағай қалалық ІІБ-не ерікті түрде келген», - делінген хабарламада.  

Жауап алынған соң, Угазаев күдікті ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132 бабында белгіленген тәртіп бойынша Қапшағай ҚІІБ-нің уақытша қамау изоляторына жабылды. Ұсталғандардың екіншісінен жауап алынуда.

Қазіргі таңда тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Дереккөз: newskaz.kz

22 тамыз 2013, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.