Атырау, 13 желтоқсан 05:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Қазақстаннан асырап алған балаларын зорлады деп айыпталған американдық жұпқа үкім қыркүйекте шығады

2 499 просмотра

Қазақстаннан асырап алған балаларына жыныстық зәбір көрсетті деп айыпталған АҚШ ерлі-зайыптысы Джозеф пен Линда Мэйоттқа қатысты үкім шығару қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

«Қазақстаннан асырап алған балаларына жыныстық зәбір көрсетті деп айыпталған американдық ерлі-зайыптыға қатысты үкім шығар мерзімі Линда Мэйоттың денсаулық жағдайына байланысты 2013 жылдың қыркүйегіне ауыстырылды», - деді Н. Айтмаханов агенттікке бейсенбіде.

Еске сала кетейік, Массачусетс штатының Ворчестер Жоғарғы соты, Қазақстаннан асырап алынған екі балаға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстың көптеген тармақтары бойынша айыпталушы Джозеф және Линда Мэйотты кінәлі деп таныды. Қазіргі уақытта Джозеф тұтқындалды, ал оның жұбайы ауруханадан шыққаннан кейін тұтқындалатын болады. Соттың үкім шығару күні 22 тамызға белгіленген.

Хабарланғандай, істің екі кейіпкері де айыпты деп танылды. Д. Мэйотт асыранды қызын жәбірлегені үшін айыптаудың 11 тармағы бойынша,  Л. Мэйотт асыранды ұлына қатысты жәбір көрсеткені үшін 18 тармақ бойынша айыпты деп танылды.

Сот тексеруінің барысында жария етілген мәліметтерге сәйкес, балалар АҚШ-қа түскеннен бастап асырап алған ата-аналарының зәбір нысанына айналған. Зәбір құрбандары (қазір олар 21 және 17 жаста) түсініктеме берді.

Мэйотт отбасының балалар жәбірлеуіне байланысты ақпар 2009 жылы әшкере болған. Ерлі-зайыпты ол кезде қамауға алынып, кейін кепілдікпен босатылған. Балалар болса, мемлекет қарауына тапсырылған болатын. Аталған іс бойынша сот 2013 жылдың шілдесінде басталды.

Дереккөз: taiqazan.org

22 тамыз 2013, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.