Атырау, 24 қараша 03:33
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол полициясы комитеті VIP-нөмірлердің ресми бағасын жариялады

1 855 просмотра

ҚР Жол полициясы комитетінің өкілі «ҚР ІІМ порталында өткен «Жол полициясы қатарындағы жемқорлықты жою» тақырыбында өткен онлайн-конференция барысында VIP-нөмірлердің бағасын жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ұсынылған мемлекеттік салық өлшемі өзге елдердің тәжірибелерін есепке ала отырып, Қазақстандағы орташа жалақы көлеміне негізделді және аталмыш МТНБ-нің барлық халыққа қолжетімділігі ескерілді. Мысалы, Грузияда сұраныс көп нөмір белгілеріне 10 мың АҚШ доллары көлемінде баға белгіленген және осы жүйе енгізілген 5 жылдың ішінде бар-жоғы 7 МТНБ беріліпті, бұл салық мөлшерінің тым жоғары екендігін аңғартады», - деп мәлім етті Жол полициясы комитетінің порталынан. 

Сонымен қатар ҚР ЖПК-ден хабарлағандай, аталмыш жаңашылдық – жемқорлықтың алдын алуға бағытталып отырған шаралардың бірі. Осыған байланысты Салық кодексінің 540-бабына нөмір беру үшін алынатын салық көлеміне келесідей өзгерістер енгізіліп отыр: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлі автокөлік МТНБ-лер – 13 700 пайыз (1 АЕК – 1618 тг; 137 = 221 666 тг); 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлі автокөлік МТНБ-лері – 22 800 пайыз (1 АЕК – 1618 тг; 228 = 368 904 тг).

Дереккөз: bnews.kz

22 тамыз 2013, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.