Атырау, 10 желтоқсан 16:41
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Қаржы полициясы 3 млрд теңге бюджет қаражатын жөнсіз пайдаланудың алдын алды

1 787 просмотра

Қаржы полициясы жыл басынан бері 3 млрд теңге бюджет қаражатын жөнсіз пайдаланудың алдын алды, деп хабарлады ҚР ЭҚСЖКА-ның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысында бірқатар мемлекеттік ұйымдарға қатысты жүргізілген тексеру жұмысының нәтижесінде 60 млн теңгеден астам сомма үнемделді, оның ішінде: «Тазалық» МКК – 5 млн теңгеден астам; «Каспий жылу, су арнасы» МКК – 19 млн теңгеден астам; «АММТП» ҰК» АҚ – 32,5 млн теңгеден астам; «Каспий жылу, су арнасы» МКК – 3,7 млн теңгеден астам.

Қаржы полициясы агенттігінде өткен жылдан бастап мамандырылған Ахуалдық орталық жұмыс жасауда. Ол мемлекеттік органдар базаларының мәліметтері мен басқа да ашық ақпарат көздеріндегі мағлұмат ресурстарын пайдалану жолымен елдегі қылмыстық жағдайды саралайды.

Ахуалдық орталықтың сарапшылары бағалары асырылған сатып алуларды анықтау және уақытылы әшкерелеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алулар жоспарларына күн сайынғы режимде мониторинг жасайды.

Дереккөз: bnews.kz

22 тамыз 2013, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.