Атырау, 24 қараша 02:47
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Эмиль Кенжесариевті соққыға жыққан күдікті ұсталды

1 783 просмотра
Эмиль Кенжесариев.Эмиль Кенжесариев.АЛМАТЫ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Ақтөбе» клубының ойыншысы Эмиль Кенжесариевті соққыға жыққан күдіктінің ұсталуына байланысты брифинг өтті, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 20 тамызында Алмалы ІІБ қызметкерлері қалалық караоке-бардың 20 жасар күзетшісін ұстады. «Ақтөбе» ФК ойыншысы Эмиль Кенжесаривті соққыға жыққан сол деп күдіктелуде.

Күдіктінің сөзінше, 10 тамыз күні таңғы алтылар шамасында ол спортшыны «Вертолет» мейрамханасының жанынан кезіктіріпті. Футболшы мейрамхананың ақшасын төлемей, сол үшін бас күзетшімен дауласып жатқан. Күдіктінің айтуынша, спортшы қатты мас болған. Кейін екеуінің арасында жанжал туып, оның соңы төбелеске ұласқан. Содан спортшының таныстары араша түсіп, екеуін тоқтатқан. Кейін Эмиль Кенжесарив таксиге отырып, кетіп қалады. Ол такси жүргізушісі де табылып, тергелді. Оның сөзіне қарағанда, Эмиль Кенжесариев көлікке отырғанда-ақ біреуден таяқ жеп шыққаны көрініп тұрды. Жолда спортшы өзін жайсыз сезініп, Абылай хан-Жамбыл көшелерінің қиылысынан түсіп қалған көрінеді. Сол жерде ес-түссіз жатқан күйінде оны кездейсоқ өтіп бара жатқандар мен жақын маңдағы мейрамхана күзетшісі тауып алады.

Спортшының туысқанының арыздануымен 257-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды (бұзақылық). Ұсталған күдікті төбелестің болғанын растап отырса да, бас жарылатындай үлкен төбелестің болмағанын алға атартады. Бұл фактіні мейрамханадағы көзкөргендер де растады.

Эмиль Кенжесариевке бас сүйегін тесіп, ішіндегі ісіктерін тазалап ота жасады. Дәрігерлер оның жағдайы жақсарып келеді дейді. Ауруханадан шығарылғаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалады.

Аталған сараптама нәтижесіне байланысты 103-бап (адам денсаулығына қасақана ауыр зиян тигізу, 3-7 жыл бас бостандығынан айыру) бойынша тағы бір қылмыстық істі қозғау-қозғамау туралы процессуалдық шешім шығарылады.

Дереккөз: inform.kz

 

21 тамыз 2013, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.