Атырау, 4 желтоқсан 04:31
 бұлттыВ Атырау +7
$ 460.15
€ 501.38
₽ 5.11

Ресей Мұхтар Әбілязовты беруді сұрауда

2 259 просмотра

Ресейдің бас прокуратурасы Францияның әділет министрлігіне БТА банкінің бұрыңғы басшысы Мұхтар Әбілязовты беру туралы сауал жолдады.

Бұл туралы Ресей Бас прокуратурасы бастығының орынбасары Александр Звягинцев хабарлады. Оның айтуынша, Ресейде М.Аблязов 5 миллиард АҚШ доллары қаржыны жымқырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған. Естеріңізге сала кетейік, экс-банкир Францияның Канн қаласы маңында қолға түскен. Франция Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ол Киев сотымен берілген халықаралық ордер негізінде тұтқындалды. Ал оны қайсы елге тапсыратынын сот шешпек.

Дереккөз: 24.kz

21 тамыз 2013, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.