Атырау, 24 қараша 02:39
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оффшорлық компания құруға көмектескен Әблязовтың тағы бір сыбайласы елге оралуы мүмкін

1 737 просмотра

Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы БТА Банкінің корпоративтік бизнестің №6 басқарма бастығының орынбасары болған Жүнісова (Ақпенбетова) Зәуреге қатысты экстрадициялық материалдарды Венгрияға жолдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Агенттіктің ұсынған мәліметіне сәйкес, ол 2009 жылғы сәуірде БТА Банкісінің ақшалай қаражатын ұрлады және заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражат пен өзге де мүлікті заңдастырды деген айыппен халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

«Тергеудің пайымдауынша ол, 2005-2009 жылдары БТА Банкінің корпоративтік бизнестің №6 басқарма бастығының орынбасары бола тұра, Әблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобына тәуелді Қазақстан Республикасының резиденттері болатын заңды тұлғаларды және оффшорлық компанияларды құрумен, оларға басшы, құрылтайшы болатын адамдарды іздеумен айналысқан», - деп көрсетілген сәрсенбі таратылған хабарламада.

2013 жылғы 23 шілдеде Жүнісова (Ақпенбетова) ВеНгрияда ұсталды.

Жақын уақытта Венгрияның уәкілетті органдарымен Жүнісованы Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселенің қаралуы күтілуде.

Дереккөз: bnews.kz

21 тамыз 2013, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.