Атырау, 24 қараша 02:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Ауғанстанда тырысқақ ауруы өршіп тұрғандықтан, оңтүстік шекарадағы бақылауды күшейтті

2 805 просмотра

АСТАНА,  21  там   –Қазақстан жаңалықтары АА. Ауғанстанда  тырысқақ ауруы өршіп тұрғандықтан, Қазақстан оңтүстік шекарасындағы бақылауды күшейтті, деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Жандарбек Бекшин.

«Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында тырысқақ ауруы өршіп тұр.Ауғанстанда қазір тырысқақ ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап кеткен. Бадахшан провинциясында 1709 адам тырысқақ ауруын жұқтырған.  Республикамызда оңтүстік шекараны қатаң бақылауға алдық, өйткені Ауғанстан мен Тәжікстан халқы-мигранттар бізге сол жақтан келуі мүмкін»,- деді Бекшин.

Оның айтуынша, бізде аса қауіпті инфекциялар тіркеліп отырған жоқ. Республикада тырысқақ ауруы бойынша да эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Дереккөз: newskaz.kz

21 тамыз 2013, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.