Атырау, 4 желтоқсан 05:01
 бұлттыВ Атырау +7
$ 460.15
€ 501.38
₽ 5.11

Қырғызстанға мұнай өнімдерін алып өтпек болғандар ұсталды

1 864 просмотра

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағында Қырғызстанға мұнай өнімдерін алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қырғыз Республикасымен шектесетін аумақтағы Қордай ауданына қарасты Ауқатты және Қордай ауылдары маңында тиісті құжаттарсыз мұнай өнімдерін (дизель отыны) алып өтпек болған «Вольво», «КАМАЗ» және тіркемесі бар үш «Шохман» маркалы автокөліктерін ұстады. Тәркіленіп алынған мұнай өнімінің жалпы көлемі - 175 мың текше метр», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, автокөліктер тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 183-1 бабы 1-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

21 тамыз 2013, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.