Атырау, 26 желтоқсан 15:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

БТА Банкі басқармасының бұрынғы басшысы Ефимованы Қазақстанға жақын арада экстрадициялайды

2 164 просмотра

АСТАНА, 20 там – Қазақстан жаңалықтары АА. ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оның қызметіне қатысты, сондай-ақ  БТА Банкінің ақшалай қаражатын ұрлады және заңсыз пайдаланды деген айыппен халықаралық іздеуге жарияланған БТА Банк корпоративтік бизнестің №6 басқармасының бұрынғы бастығы Ефимова Верониканың Қазақстанға экстрадициялануы күтілуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Жақын уақытта Ефимова Қазақстанға экстрадицияланатын болады», - делінген хабарламда.

Қылмыстық іс материалдары бойынша В.Ефимова М.Әбләзов басқарған қылмыстық топтың басты ұйымдастырушыларының бірі болған.

Ол 2005-2009 жылдары Әбләзовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының бақылауындағы компанияларға несиелерді рәсімдеу арқылы Банкінің ақшалай қаражатын ұрлау үшін айырықша уәкілеттіктерге ие болған БТА Банкінің корпоративтік бизнестің №6 басқармасының бастығы болған.

2009 жылғы 11 наурызда Ефимованы қамауға алу сырттай санкцияланды, ал 17 наурызда ол халықаралық іздеуге жарияланды.

2009 жылғы 3 шілдеде Ефимова Мәскеу қаласында ұсталды.

2010 жылғы 21 сәуірде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Ефимованы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Ефимова бұл шешімге бірнеше рет шағым түсірді. Алайда әртүрлі деңгейдегі сотармен, оның ішінде Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотының Сот алқасымен бұл шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер шығарылды.

Осыдан кейін Ефимова Адам ққұқықтары жөніндегі Еуропа сотына жүгінді. Бұл сот та Ефимованы Қазақстан Республикасына экстрадициялаған жағдайда оның құқықтары бұзылмайтындығы туралы шешім шығарды.

Дереккөз: newskaz.kz

21 тамыз 2013, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.