АСТАНА, 20 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан РФ мен Украинадан әкелінетін құс етінен қауіпсіздік нормаларында заң бұзушылықтарды анықтады деп хабарлайды Қазақстан ауыл шарушылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Әділетсіз бәсекелестік ресейлік және украиндық құс етін өндірушілерінің тарапынан құс ұшасына су енгізу арқылы баға демпингі байқалуда. Нәтижесінде тұтыну орамасындағы құс етін жібіткен кезде ет шырыны мен ылғалдылықтың үлесі келесідей болды: «Мироновская птицефабрика» құс етінде (Украина) - 9,9%, «Белая птица» (Ресей) – 16,8%, «Агромарс эксим» (Украина) – 10,7%. Ресейдің Ставрополь аймағының «Птицекомбинат» әкелінген өнімде 9,9% ылғалдық анықталды. Ішкі нарық сауда нысандарынан таңдалған құс етінің сынамаларында БГКП анықталып, КМАФАнМ артық екені анықталды. Осы өнімдердің өндірушілері: «Мироновская птицефабрика» (Украина), «Алтайский бройлер» және «Приосколье» (Ресей) және т.б.»,- делінген хабарламада.
Баға демпингінің нәтижесінде отандық құс өнімдерінің сатылу көлемі шамамен 30 % төмендеді.
Кедендік Одақтың қолданыстағы ережелеріне сай құс етін Қазақстан территориясына үшінші елдердің 30 кәсіпорындарынан әкелу рұқсат етілген. Аталмыш рұқсат КО елдерінің ветеринарлық қызметтерінің инпекциялау нәтижесінде сәйкесінше Реестрге енгізіліп, мақұлданды.
Күшейтілген лабораториялық бақылау режиміне Украинаның 3 кәсіпорны кіріп отыр: «Мироновская птицефабрика», «Агромарс эксим» және «Тавр Плюс». Аталмыш режим ветеринарлық-санитарлық талаптардың зертханалық зерттеулерінің, өнімнің қауіпсіздік нормаларына және үнемі жүргізілген тексеріс барысында енгізілді.
Сонымен өткізілген тексеріс барысында импортты құс еті Техникалық регламент талаптарының маркировкаға сәйкессіздігі анықталды: мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы және оның өндіруші елінің ақпаратына сай келмеуі, өндірілген күні мен сақтау мерзімі көрсетілмеген.
Дереккөз: newskaz.kz