© Анатолий УСТИНЕНКО
Бүгін білім саласы қыметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің қалалық пленарлық отырысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұстаздарға оқушылармен үй тапсырмасын әлеуметтік желілерде орындауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Үй тапсырмасын немесе өзге де материалды орындауда неліктен әлеуметтік желілерді пайдаланбасқа? Қызықты ма? Әрине, қызықты. Неліктен кешкі сегізде оқушылар мен ұстаздың үй тапсырмасын әлеуметтік желілерде талқыламасқа? Бұл балалардың қызығушылығын тудыра ма? Әрине, тудырады», - деді жиында сөз сөйлеген қала әкімі.
Оның пайымынша, қазіргі заманғы технологиялық жетістіктерді, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану – бұл өте тиімді әдіс.
«Енді технологиялар неге үйрете алады деген сұраққа тоқталайық. Презентация жасауға үйрете ме? Жоқ. Ақпаратты жақсы түсіну үшін оны құрылымдауға үйретеді. Блог жүргізуге ме? Жоқ. Коммуникацияны жақсартуға септеседі. Әлеуметтік желілерде араласуға үйрете ме? Жоқ. Пікірлес адам, серіктес табуға көмектеседі. Біз мұның барлығының бізге еш қатысы жоқ деп ойласақ, қатты қателесеміз», - деген пікірін білдірді И.Тасмағамбетов.
«Көптеген балалардың бүгінде әлеуметтік желілерде отыратыны жасырын емес. Виртуалдық кеңістікте олар түрлі мектеп ұсынатын дүниеден мүлдем бөлек қызығушылық, мүдде бойынша бірігеді. Қай мұғалім осы технологияларды пайдаланады? Неліктен олар қазіргі әдістемелерде көрініс таппаған? Сұрақтың басы ашық қалады. Бұл ұстаздар үшін модератор болуға үлкен мүмкіндік қой. Үй тапсырмаларынан бастап белгілі тақырыпқа дискуссия ұйымдастыруға дейін түрлі амалдар жасауға болады. Осы жылдарда бірде-бір педагогтың әлеуметтік желіні пайдалана отырып, сабақ өткізбегеніне сенімдімін», - деп атап өтті әкім.
Дереккөз: bnews.kz