Атырау, 27 желтоқсан 08:53
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 2,5 жылға ұзарып отыр

1 698 просмотра
АСТАНА, 20  там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда  өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 2,5 жылға ұзарып отыр деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында.

«Республикада сүру ұзақтығы соңғы бес жылда 2,5 жылға ұзарып отыр. Мемлекеттік бағдарламада 2015 жылға қарай 70 жасқа жеткізу қарастырылған болатын», -деді Қайырбекова.

Үкімет басшысының пайымынша, бүгінгі қарастырылған ана мен бала өлімін төмендетуге арналған мәселелер жаман көрсеткішті паш етіп отырған жоқ. Дегенмен, әрбір өңірге ана мен бала өлімін төмендетуге мүмкіндік беретін іс-шараларды тыңғылықты атқаруға тапсырма беру қажет.
«Ана мен бала өлімі төтенше жағдай ретінде қарастырылуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі әрбір оқиғаны зерттеуі керек. Дегенмен, сараптама өте тыңғылықты жүргізілуі қажет», - деді  Ахметов.

Оның сөзіне қарағанда, 1970 жылдан бері республикада ана мен бала өлім-жітімі шамамен 4 есеге төмендеп отыр.

Дереккөз: newskaz.kz

 

 
20 тамыз 2013, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.